Алматы қаласында тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 2/425 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағы 6-2) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында тауарлық газды тұтыну нормалары бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

  Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "___" _________ № _______
қаулысымен бекітілген

Алматы қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ бойынша ваучерлер ұсыну үшін тұтыну нормалары

Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы

Жылыту маусымындағы айлық норма, м³

Жылыту маусымынан тыс айлық норма, м³


Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар үй шаруашылығы.

710

148

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м³ - текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады