"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Алматы қаласында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 209 шешімінің (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде № 178240 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |