2026 жылға арналған Шарбақты ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 147/50 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталып қалатын салықтардан басқа, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық салу объектісіне есептелетін есепті салық кезеңі 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Аудандық мәслихат төрағасы Г. Смаилханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады