Ертіс ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 ақпандағы "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 31/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 97/3 қаулысы

      Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 ақпандағы "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" №31/2 қаулысымен бекітілген "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      - Ереженің 20-тармағының 13), 29) тармақшалары алынып тасталсын;

      - Ереженің 20-тармағының 22) тармақшасында "ауданның терроризмге қарсы комиссиясының қызметін ұйымдастыру" функциясы алынып тасталсын;

      - Ереженің 20 тармағы мынадай мазмұндағы 30) - 31) тармақшалармен толықтырылсын:

      "30) маңдайшаны ауылда орналастыру туралы хабарламаларды Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады";

      "31) аудандық мәслихатпен бірлесіп, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде аудандық маңызы бар қаланың құрамдас бөліктерін атау, олардың құрамдас бөліктерін қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді".

      2. "Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады