Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 247/43 шешімі

      Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7437-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      8-1 тармақтың жетінші, сегізінші, он бірінші, он үшінші және он төртінші абзацтары жойылсын;

      8-1 тармақ келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде) зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;";

      "Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде эпилепсия ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;".

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады