Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 тамыздағы № 219/37 шешімі

      Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7437-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      7-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) кірістерін есепке алмай тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде ҰОС ардагерлеріне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға);

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), мәртебесін растайтын құжат, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны қоса бере отырып өтініш ненізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде (коммуналдык қызметтерге);";

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мынадай негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетеді:

      1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.";

      8-тармақтың 8-2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8-2. Кірістерін есепке алмай ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      үйде әлеуметтік қызмет алатын, жасына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіз бірінші және екінші топтағы мүгедектерге денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі) санаттағы азаматтар үшін үйде әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің тізімі негізінде, жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжатты екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны өтінішке қоса бере отырып 3 (үш) АЕК мөлшерінде. Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады;

      Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедіктігі бар балаларға, бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға (гемодиализ емшарасын алушыларға) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тізімі негізінде амбулаторлық емделудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақсу бөлімшесімен берілген тізімі негізінде адамның иммунитет тапшылығы вирусын тудыратын ауруынан зардап шегетін балаларға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгенең төменгі күнкөріс шегінің екі еселеген мөлшерінде;";

      8-тармақтың 8-3) тармақшасы жойылсын.

      10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Мына негіздер бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектің молшері: дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметт"к бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметт"к бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады