Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 14 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2026 жылғы 4 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 04.02.2026 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанан күнінен бастап қолданысқа енгізілед).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Ақсу қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Р. И. Тлявкаев тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі Б. Шәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады