Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7406-14 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгідеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
бесінші абзацының 8-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) біржолғы әлеуметтік көмек:
Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде үшінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | Қ. Кожин |
