Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 1502/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 49-1, 49-2, 914-1-баптарына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар түріндегі әкімшілік жазаға тартылған адамдар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері айқындалсын.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес базасында қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізімі айқындалсын.

      3. Осы қаулыны орындау Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Павлодар қаласының мансап орталығы" филиалына жүктелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "__" _______
№ _____ қаулысына
1-қосымша

      Қоғамдық жұмыстардың түрлері:

      1. Павлодар қаласының аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту;

      2. Павлодар қаласының коммуналдық инфрақұрылым объектілерін жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстар;

      3. Арнайы біліктілікті қажет етпейтін және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес келетін өзге де жұмыстар.

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "__" _______
№ _____ қаулысына
2-қосымша

      Қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі:

      1. Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Коммунсервис" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады