Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі "Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" № 125/12 шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-бөлім. "Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін дәрілік заттар" мынадай мазмұндағы 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87 тармақтармен толықтырылсын:
"76. "Вориконазол", ағзалар мен тіндерді трансплантациялаудан кейінгі жағдай ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;
77. "Ведолизумаб", Крон ауруы бар азаматтарға инфузия үшін ерітінді дайындауға, концентрат дайындауға арналған ұнтақ;
78. "Паливизумаб", тыныс алу синцитиальды инфекциясы бар балалар үшін бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді;
79. "Третиноин", "Жедел промиелицетарлық лейкемия" ауруы бар азаматтарға арналған капсула;
80. "Селуметениб", "Нейрофиброматоз" ауруы бар азаматтарға арналған капсула;
81. "Ритуксимаб", "Жүйелі қызыл жегі" ауруы бар азаматтарға инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат;
82. "Циклоспорин", "Миастения" ауруы бар азаматтарға арналған капсула;
83. "Метилпреднизолон", "Миастения" ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;
84. "Азатиоприн", "Миастения" ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;
85. "Преднизолон", "Миастения" ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;
86. "Рифаксимин", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға арналған таблетка;
87. "Желімдерді кетіруге арналған тазартқыш", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға.";
3 бөлім. "Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін медициналық бұйымдар" мынадай мазмұндағы 55, 56, 57, 58 тармақтармен толықтырылсын:
"55. "Катетер Туннельденген Бровиак", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;
56. "Бровиак катетерді жөндеу жинағы", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;
57. "Қосымша инъекцияға арналған инъекциялық порты бар Люерлокпен жарыққа төзімді инфузиялық қап", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға арналған медициналық бұйым;
58. "Бензилдиметил 3-миристоиламино пропил" аммоний хлориді моногидраты", "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға арналған медициналық құрал.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | И. Теренченко |
