Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
2. "Павлодар облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Б. Батырғұжиновке жүктелсін.
| Облыс әкімі | А. Байханов |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы " 31 " желтоқсандағы № 358/1 қаулысына қосымша |
Павлодар облысы бойынша ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі
№ | қала / аудан | Сумен жабдықтау жүйелерінің атауы |
1 | Екібастұз қаласы | Екібастұз су құбыры |
2 | Солнечный су құбыры | |
3 | Ақсу қаласы | Ақсу су құбыры |
4 | Ақсу қаласының ауылдық аймағы | Қалқаман су құбыры |
5 | Достық су құбыры | |
6 | Береке су құбыры | |
7 | М.Омаров су құбыры | |
8 | Қызылжар су құбыры | |
9 | Баянауыл ауданы | Майқайын су құбыры |
10 | Ертіс ауданы | Ертіс ауданының топтық су құбыры |
15 | Май ауданы | Май ауданының топтық су құбыры |
17 | Павлодар ауданы | Павлодар су құбыры |
18 | Железин ауданы | Железин ауданы |
19 | Успен ауданы | Успен ауданы |
20 | Тереңкөл ауданы | Тереңкөл су құбыры |
21 | Шарбақты ауданы | Александровка су құбыры |
22 | Алексеевка су құбыры | |
23 | Галкин су құбыры | |
24 | Есілбай су құбыры | |
25 | Жанауыл су құбыры | |
26 | Красиловка су құбыры | |
27 | Орловка су құбыры | |
28 | Сосновка су құбыры | |
29 | Хмельницкое су құбыры | |
30 | Чигириновка су құбыры | |
31 | Шалдай су құбыры | |
32 | Шарбақты су құбыры |