2025 - 2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 273/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2025 - 2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2025 жылғы "___" ___________
№ _________ қаулысымен
бекітілді

2025 - 2026 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Кадрларды даярлау бағытының коды мен топтастыруы

Кадрларды даярлау бойынша клиникалық мамандықтар атауы

Оқыту нысандары бойынша
мемлекеттік
білім беру
тапсырысының
көлемі (орындар, гранттар саны)

Бір оқушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге

1

В033
Дінтану мамандарын даярлау

Теология

2

1055900

2

В033
Дінтану мамандарын даярлау

Исламтану

3

1055900

3

В003
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Бастауыш білім беру мұғалімі

3

1008100

4

В005
Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Дене шынықтыру мұғалімі

10

1008100

5

В009
Математика мұғалімдерін даярлау

Математика мұғалімі

3

1008100

6

В010
Физика мұғалімдерін даярлау

Физика мұғалімі

2

1008100

7

В017
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Орыс тілі мұғалімі

7

1008100

Барлығы:

30



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады