"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерді бекіту туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 261 қаулысы

      Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері және Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары туралы Ережелерді бекіту туралы" Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 233 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже" 4-қосымшасында:

      15-тармақ келесі мазмұндағы 16), 17), 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізуді қамтамасыз ету;

      17) бюджет қаражаты шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;

      18) меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, мемлекеттік шығармашылық тапсырыс қызметтерін орындаушылардың түрлері мен типтеріне қарамастан балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      19) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың барлық кезеңдері мен рәсімдерін іске асыруды, оның сапасын бақылауды және электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда атаулы игеруді қамтамасыз етеді".

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      2) осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру қамтамасыз етілсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, келесіні:

      1) 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 5, 6, 7 абзацтарын қоспағанда.

      Бейімбет Майлин ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады