Ескерту. 01.10.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және олар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Сарыкөл ауданы әкімдігінің сәулет, кұрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" Костанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін электрондық түрде жіберілсін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Сарыкөл ауданының әкімі | М. Шымырбеков |
| Сарыкөл ауданы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "___" ___________ | |
| № ___ қаулысына | |
| қосымша |
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Ұйымдардың тізбесі |
1 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
2 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
3 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
4 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданының Тағыл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
5 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданының Урожайное ауылы әкімінің аппараты" ММ |
6 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданы Златоуст ауылы әкімінің аппараты" ММ |
7 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданы Большие Дубравы ауылы әкімінің аппараты" ММ |
8 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданының Маяк ауылы әкімінің аппараты" ММ |
9 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылы әкімінің аппараты" ММ |
10 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданы Барвиновка ауылы әкімінің аппараты" ММ |
11 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданының Сарыкөл кенті әкімінің аппараты" ММ |
12 |
Аумақты жинау және тазалау; | "Сарыкөл ауданының Комсомол ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
