"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 01-10/357 ұсынысы негізінде ШЕШТІ:
1. Жануарлардың құтыруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуіне байланысты Сарыкөл кентінің аумағында Привокзальная көшесі 4б пәтер 1, Л.В. Белейчук жеке ауласы 2025 жылғы 17 шілдеде белгіленген шектеу іс-шараларын алып тастау. Сарыкөл кентінің аумағында Л.В. Белейчук жеке ауласын құтыру ауруынан аман-есен деп жариялау.
2. Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сарыкөл кентінің әкімі | С. Горшенин |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қостанай облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті Сарыкөл аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ С. Ибраева
"___" __________________ 2025 жыл
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің "Сарыкөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ А. Молдахметова
"____" _______________ 2025 год
