Науырзым ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 81 "Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 125 қаулысы

      Науырзым ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 10 наурыздағы № 81 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде":

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді".

      2. "Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданының әкімі М. Ихтиляпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады