Ескерту. 10.10.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 914-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері мен қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
2. "Науырзым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2) осы қаулыны Науырзым ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 10 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Аудан әкімі | М. Ихтиляпов |
| Аудан әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "1" қазандағы | |
| № қаулысына | |
| қосымша |
