Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 166-Ө бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 324-бабының 5 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 19-тармағының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2025 жылғы 5 маусымдағы ПИ-118868 хатына сәйкес сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 326 бұйрығының күшін жоюға қойсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Нысанбаев

  бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрінің
2025 жылғы 13 маусымдағы
№ 166-Ө бұйрығына
қосымшасы

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағалар


р/с

Атауы

Көрсеткіш (ҚҚС-сыз)

1

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық баға

130,3 теңге/кВт/сағ

2

АҚШ долларымен көрсетілген қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағасының баламасы

0,26 АҚШ доллары /кВт/сағ

3

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жолымен өндірілген электр энергиясының шекті аукциондық бағасының еурода көрсетілген баламасы

0,24 еуро/кВт/сағ

      Ескертпе: аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізген, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы уәкілетті орган айқындаған алдыңғы аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған аукциондық баға кейінгі аукциондық сауда-саттық үшін шекті аукциондық баға болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады