"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 74 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 21 мамырдағы № 134-Ө бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27179 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларының 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:

      1) Комитет төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;

      2) Комитет төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;

      3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын:

      экологиялық бақылау басқармасының басшысы;

      мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының басшысы;

      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары;

      Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының бас сарапшылары;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары, болып табылатын:

      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары;

      Комитеттің мемлекеттік метрологиялық-талдамалық бақылау басқармасының сарапшылары;

      5) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын Комитеттің аумақтық органдарының басшылары;

      6) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын:

      Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары;

      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары;

      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары;

      7) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын:

      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;

      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;

      Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары;

      Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Н. Шарбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады