Шектеу іс - шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 5 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 01-27/309 ұсынысы негізінде ШЕШТІ:

      1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округі Қызылту ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 29 сәурдағы № 4 шешімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" күші жойылды деп танылсын.

      3. "Буденный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Руспубликасы нормативтік құқықтық актілерінің этанондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданы Буденный ауылдық округінің әкімі Б. Дощанов

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық

      сақтау министрлігі Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Қостанай облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау департаменті

      Меңдіқара аудандық санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Е. Смағұлов

      2025 жылғы "25" маусым

      Қостанай облысы әкімдігі ветеринария

      басқармасының "Меңдіқара ауданының

      ветеринариялық станциясы" коммуналдық

      мемлекеттік кәсіпорны басшысының

      міндетін атқарушы

      _______________ С. Байғожин

      2025 жылғы "25" маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады