Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 шілдедегі "Қостанай ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің eрежелерін бекіту туралы" № 522 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 514 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 шілдедегі "Қостанай ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің eрежелерін бекіту туралы" № 522 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қостанай ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 9 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 63Б.".

      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарына хабарлануын;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қаматамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады