Қарабалық ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 503 "Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандарға лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін жиырма бес пайызға арттырылған мөлшерде белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 204 шешімі

      Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарабалық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 503 "Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандарға лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін жиырма бес пайызға арттырылған мөлшерде белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9228 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      - аталған шешімнің атауы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларындағы, ауылдық жерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілер болып табылатын мамандарға қалалық жерде осы қызмет түрлерімен айналысатын азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға арттырылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы";

      - аталған шешімнің 1-тармағы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларында қызмет атқаратын, ауылдық жерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілер болып табылатын мамандарға қалалық жерде осы қызмет түрлерімен айналысатын азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға арттырылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін."

      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады