Мәслихаттың 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 111 "Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 306 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 111 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26662 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы Н. Уразалинов

  Мәслихаттың
  2025 жыллғы 25 шілдедегі
  № 306 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2022 жылғы 25 қаңтардағы
  № 111 шешіміне
  қосымша

Жітіқара ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

№ р.с.

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтар жинақталуының жылдық нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,55
1,91

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да осындай нысандар

1 орын

1,58

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,20

4

Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,38

5

Мекемелер, ұйымдар, кеңселер, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,90

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 адам

0,24

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-алдын алу мекемелері

1 төсек-орын

2,15

8

Мектептер және басқа оқу орындары

1 оқушы

0,13

9

Мейрамханалар, кафелер, басқа да ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,73

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казинолар, ойын автоматтары залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,31

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,02

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,01

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,02

14

Азық-түлік және өнеркәсіптік дүкендер, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,49

15

Машиналардан сауда жасау

сауда алаңы 1 м2

--

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, науалар

сауда алаңы 1 м2

0,14

17

Көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

--

18

Тұрмыстық үйлер: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

--

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

0,03

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

жалпы алаңы 1 м2

--

21

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,38

22

Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары, ЖҚС

1 машина-орын

1,31

23

Автокөлік шеберханалары

1 жұмысшы

2,91

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,91

25

Шаштараздар, сұлулық салондары

1 жұмыс орын

0,69

26

Кір жуу, құрғақ тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,66

27

Зергерлік шеберханалар, аяқ киім жөндеу, сағат жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

0,27

28

Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттерді дайындау және т.б.)

1 жұмыс орын

0,77

29

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

0,38

30

Қала аумағында жаппай іс-шараларды ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушылар

0,04

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

--


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады