"Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 қаулысы

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы бекітілсін.

      3. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е. Мендыбаев

  Жітіқара ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "___" ____________
  № _____ қаулысымен
  бекітілген

"Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

1. Жалпы ережелер

      1. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Орталық Жітіқара ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 03 желтоқсандағы № 280 "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" қаулысы негізінде құрылды.

      3. Орталықтың құрылтайшысы Жітіқара ауданының әкімдігі болып табылады.

      4. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік басқару органы) Орталықты басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.

      5. Орталықтың атауы: "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      6. Орталықтың орналасқан жері: индекс 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 51.

2. Орталықтың заңдық мәртебесі

      7. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік және орыс тілдерінде Орталықтың атауы жазылған бланкілері, мөрі болады.

      8. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

      9. Орталық өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

      10. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

      11. Орталық қызметінің мәні мемлекеттік отбасы саясатын, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру болып табылады.

      12. Орталық қызметінің мақсаты өтініш білдірген адамдарды (отбасыларды), оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау арқылы отбасы институтын нығайту, отбасының әл-ауқатын арттыру болып табылады.

      13. Орталық мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;

      2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;

      4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету;

      5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;

      6) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      7) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;

      8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;

      9) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.

      14. Орталықтың осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқығы жоқ.

      15. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: мемлекеттік басқару органының, жергілікті атқарушы органның, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4. Орталықты басқару

      16. Орталықты жалпы басқаруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      17. Жергілікті атқарушы орган:

      1) Орталыққа мүлікті бекітіп береді;

      2) Орталықтың қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      3) Орталық мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      4) Орталықтың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      5) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, Орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

      6) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқаратын лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

      7) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

      8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

      9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Орталыққа берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;

      10) Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

      11) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      18. Орталық басшысы мемлекеттік басқару органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Басшы Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, мемлекеттік басқару органына тікелей бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

      20. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Орталық қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      21. Орталық басшысының Орталықпен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.

      22. Орталықтың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен;

      1) Орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) мемлекеттік, өзге де ұйымдарда Орталықтың мүддесін білдіреді;

      3) шарттар жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) Орталықтың іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) Орталықтың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) Орталықтың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      9) қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;

      10) Орталық қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері аясын айқындайды;

      11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі

      23. Орталық мүлкін құны оның балансында айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Орталықтың мүлкі:

      1) оған меншік иесі берген мүлік;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.

      24. Орталықтың өзіне бекітілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

      25. Орталықтың қызметі жергілікті (аудандық) бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен қаржыландырылады.

      26. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

      27. Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.

6. Орталықтағы жұмыс тәртібі

      28. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      29. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында тіркеу рәсімінен өтеді.

8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      30. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.

      31. Мемлекеттік заңды тұлға заңнамалық актілерде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.

      32. Орталықты қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

      33. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

      34. Таратылған Орталықтың мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

      Басшының м.а. ________________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (болған кезде) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады