Денисов ауданының аумағында сібір жарасы көмулеріне жерлердің санитарлық-қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 тамыздағы № 178 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бірінші қауіптілік сыныбымен айқындалған, Денисов ауданының аумағындағы бар сібір жарасы көмулеріне жерлердің санитарлық қорғау аймақтарының радиустары 1000 метрде белгіленсін.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Қатпаев

  Денисов ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы "11" тамыздағы
  № 178 қаулысына
  қосымша

Санитариялық-қорғау аймақтары белгіленетін Денисов ауданының аумағында орналасқан жер учаскелерінің тізімі

      1) Қостанай облысы, Денисов ауданы, Тельман ауылдық округі мекенжайында орналасқан, бар сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған кадастрлық нөмірі 12-187-030-136, ауданы – 0,0012 гектар жер учаскесі;

      2) Қостанай облысы, Денисов ауданы, Қырым ауылы (елді мекен шегінен тыс) мекенжайында орналасқан, бар сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған, кадастрлық нөмірі 12-187-019-041, ауданы – 0,0100 гектар жер учаскесі;

      3) Қостанай облысы, Денисов ауданы, Архангельск ауылдық округі мекенжайында орналасқан, бар сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған, кадастрлық нөмірі 12-187-017-072, ауданы – 0,0200 гектар жер учаскесі;

      4) Қостанай облысы, Денисов ауданы, Әйет ауылдық округі, Әйет ауылы мекенжайында орналасқан, бар сібір жарасы көмулеріне орналастыру және қызмет көрсету үшін арналған, кадастрлық нөмірі 12-187-009-232, ауданы – 0,0045 гектар. жер учаскесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады