Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2025 жылғы 02 қазандағы № 21 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмесінің негізінде Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" - "Магистральдық желінің Қостанай бөлімшесі" Акционерлік қоғамының Вокзал шаруашылығы филиалына абаттандыру және сыртқы инженерлік коммуникациялар үшін Аманқарағай ауылының (батыс бөлігі) Вокзальная көшесінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,4665 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) белгіленсін.
2. "Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланғаннан кейін "Аманқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Б. Әбділдин |
