"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Амангелді ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 35 "Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 30 "Амангелді ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының күші жойылсын.
2. "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;
2) осы қаулыны Амангелді ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Аудан әкімі | Қ. Кеделбаев |
