Алтынсарин ауданы аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 162 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 121-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен "Қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуші объектілер болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы "Алтынсары ауданы әкімдігінің" ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтынсарин ауданының аумағындағы сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық-қорғау аймақтарының бірінші қауіптілік сыныбымен айқындалған радиустары 1000 метр осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электронды түрде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін,ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізуге;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Сартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады