Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 99 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының қол қойылған күнінен бастап бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде көшірмесін жолдауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуді;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданының әкімі А. Сартов

  Алтынсарин ауданы әкімдігінің
  қаулысына қосымша
  "____" ______________ 2025 жылдың
  № _________

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеуді келесі мекенжайлар бойынша есептеу:

Орналасқан жері

1 (бір) шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері теңге, тиын

1

Малая Чураковка ауылы, Рабочая көшесі, 22 үй, 1 пәтер

168

2

Малая Чураковка ауылы, Рабочая көшесі, 22 үй, 2 пәтер

168

3

Малая Чураковка ауылы, Рабочая көшесі, 26 үй, 1 пәтер

168

4

Малая Чураковка ауылы, Рабочая көшесі, 26 үй, 2 пәтер

168

5

Обаған ауылы, Мира көшесі, 1 үй, 1 пәтер

115

6

Обаған ауылы, Мира көшесі, 1 үй, 2 пәтер

115

7

Обаған ауылы, Мира көшесі, 1А үй, 1 пәтер

115

8

Обаған ауылы, Мира көшесі, 1А үй, пәтер 2

115

9

Обаған ауылы, Мира көшесі, үй 2, пәтер 2

30

10

Обаған ауылы, Мира көшесі, 5 үй, 2 пәтер

36

11

Обаған ауылы, Мира көшесі, 8 үй, 3 пәтер

76

12

Обаған ауылы, Мира көшесі, 11 үй

13

13

Обаған ауылы, Мира көшесі, 17 үй, 2 пәтер

33

14

Обаған ауылы, Мира көшесі, 18А үй, 1 пәтер

168

15

Обаған ауылы, Мира көшесі, 18А үй, 2 пәтер

168

16

Обаған ауылы, 70 лет Октября, 5 үй, 1 пәтер

155

17

Обаған ауылы, 70 лет Октября, 5 үй, 2 пәтер

155

18

Обаған ауылы, Парковая көшесі, 6 үй, 1 пәтер

115

19

Обаған ауылы, Парковая көшесі, 6 үй, 2 пәтер

115

20

Обаған ауылы, Солнечный жолағы, 4 үй, 1 пәтер

164

21

Обаған ауылы, Солнечный жолағы, 4 үй, 2 пәтер

164

22

Обаған ауылы, Энергетиков көшесі, 9 үй, 1 пәтер

26

23

Обаған ауылы, Амеличкина көшесі, 16 үй, 1 пәтер

37

24

Силантьевка ауылы, Юбилейная көшесі, 9 үй

55


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады