Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын Лисаков қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін мемлекеттік кәсіпорынның таза табысы сомасының 50 пайызы мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
2) осы қаулыны Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |
