"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 914-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |
| Рудный қаласы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы 6 қазандағы | |
| № 859 қаулысына | |
| қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі |
1. | Аумақты жинау бойынша түрлі жұмыстағы адам | Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
2. | Аумақты жинау бойынша түрлі жұмыстағы адам | "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
3. | Аумақты жинау бойынша түрлі жұмыстағы адам | "Қашар кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі |
4. | Аумақты жинау бойынша түрлі жұмыстағы адам | "Рудненский водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
5. | Аумақты жинау бойынша түрлі жұмыстағы адам | "Рудный жылу желілері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
