"Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 1657 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының филиалына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласының әкімі М. Жүндібаев

  Қостанай қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы "20" қазандағы
  № 1657 қаулысымен
  бекітілді

"Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі мәдениет, демалыс, тілдерді дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің мынадай ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:

      1) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнің "Мирас" қалалық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      2) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, М.Дулатов көшесі, № 91 үй.

      10. Осы Ереже "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінiң құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қостанай қаласының бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер "Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

      2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

      3) мемлекеттік органның құзыреті шегінде тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;

      мәдениет пен тілдерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану мәселелерін шешу үшін комиссиялар мен уақытша және тұрақты жұмыс топтарын құру;

      мәдениет, тілдерді дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын (дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, тәжірибе алмасу және басқа да іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу.

      2) міндеттері:

      жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және мәдениет, тілдерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласын дамытуды айқындау;

      мәдениет және тілдерді дамыту бағдарламаларын, жоспарларын жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардың қызметін талдау;

      15. Функциялары:

      1) Қостанай қаласының кітапхана ісі, мәдени - демалыс қызметі саласында мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құруға бастамашылық жасау, олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      2) Қостанай қаласының мәдениет мекемелерінің инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін нығайтуды қамтамасыз ету;

      3) Қостанай қаласының сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;

      4) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

      5) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған қалалық шараларды өткізу;

      6) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізуді ұйымдастыру;

      7) тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және танымал ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге жұртшылықты тарту;

      8) облыстың жергілікті атқарушы органдарын немесе уәкілетті органдарды олардың құзыреті шегінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің бүлінуін, бұзылу қатерін жою туралы хабардар ету;

      9) кітапхана ісі және мәдени-демалыс қызметі саласында Қостанай қаласының мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру;

      10) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

      11) рұқсат беру органының сұрау салуы бойынша маңдайшаларды орналастыруда Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы хабарламаны келісу;

      12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

      13) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығару.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысын Қостанай қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      18. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.

      19. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;

      2) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      3) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін бөледі;

      4) барлық ұйымдарда "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;

      5) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билік етеді;

      6) шарттар жасасады;

      7) сенiмхаттар береді;

      8) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен орындалуға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      10) "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазаға тартады;

      11) қаулы жобаларын уақтылы, сапалы әзірлеуге, рәсімдеуге және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынуға, сондай-ақ жоба мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі түпнұсқалылығына дербес жауапты болады;

      12) әзірлеуші органы мемлекеттік мекеме болып табылатын әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, қабылдау және кейіннен мемлекеттік тіркеу барысына тікелей бақылау жасайды;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға дербес жауап береді;

      14) құзыреті шегінде әкімшілік жауаптылыққа тарту және әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады;

      15) әкімшілік құқық бұзушылық және жаза қолдану туралы істерді қарау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады.

      "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Мемлекеттiк органның мүлкі

      20. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен табылған мүлік қалыптастырылады.

      21. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Қостанай қаласы әкiмдігінің мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" мемлекеттiк мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады