Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 1481 қаулысы

      Ескерту. 01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 914-1-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері мен қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды түрде көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығымен республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялансын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдансын;

      2) осы қаулы Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Әкім М. Жүндібаев

  Қостанай қаласы Әкімдігінің
  2025 ж. "29" қыркүйектегі
  қаулысына
  Қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі

Ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

1

"Тазажол АТ" ЖШС

Аумақты тазалау және жинау, бұталарды кесу, отырғызу, ағаштарды әктеу, бояу, ғимаратты әктеу, қоршауды әктеу, абаттандыру, қоқысты тиеп, салуға шығару, жол бөлігін тазалау және жуу, тротуарларды кірден тазалау, жолдарды қардан тазалау, қар жиналымдарын тазалау, қар қорымдарын жою, автобус аялдамаларын қар мен мұздан тұрақты тазалау, қоғамдық көлік аялдамаларын санитарлық тазалау.

2

"ДК "Максат" ЖШС

3

"Конгломерат KZ" ЖШС

4

"КапиталГруппСоюз" ЖШС

5

"АБЗ плюс" ЖШС


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады