"Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы № 342 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Өңірлік коммуникациялар қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.";

      15-тармақта:

      3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік және басқа да мүдделі органдарға Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру бойынша әдіснамалық көмек көрсетеді, облыстық ақпараттық топтың қызметін ұйымдастырады;

      4) "Қазақстан-2050" Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын, Қостанай облысының даму жоспарын ілгерілету және іске асыру;";

      5) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) өз құзыреті шегінде "Қостанай жастары" жас мамандарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламасын үйлестіреді және іске асырады;";

      29) тармақша алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) облыстық мәслихаттың қарауына "Қостанай облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы мәселені енгізу үшін материалдар жинауды және дайындауды жүзеге асырады;".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет орғандарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады