Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 205 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Ақсақалов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 22 шілдедегі
  № 205 қаулысына
  қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

Оқыту нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (күндізгі)

Жоғары оқу орындарында бір білім алушыны оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (ұлттық жоғары оқу орындарын қоспағанда) (теңге)

2025 жыл

2026 жыл

1

6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В022 Гуманитарлық ғылымдар

2

351 967

703 933

2

6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6B021 Өнер

2

351 967

703 933

3

6B10 Денсаулық сақтау (медицина)

6В101 Денсаулық сақтау

8

724 520

1 086 780

Барлығы

12



4

7R01 Денсаулық сақтау (медицина)

7R011 Денсаулық сақтау

81

724 520

1 086 780

Барлығы

81




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады