Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/189 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3698 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
2 тармақта:
1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;";
4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 24.07.2025 № 31/147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы А.Байбатырова |
