Маңғыстау ауданында оңайтылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 24/190 шешімі. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамыздағы № 31/233 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 05.08.2026 № 31/233 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде, салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңі үшін өз бетінше мөлшерлемені қолдану арқылы есептейтін, төлем көзінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі Маңғыстау ауданы бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Аудандық мәслихат төрағасы Е.Махмутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады