Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
3. "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (З. Әнуаров) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберлуін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Р. Романға жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
| Маңғыстау ауданының әкімі | Ғ.Ниязов |
