"Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 180 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2."Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1)осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасының Заңнама және құққықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;

      2)осы қаулыны Қарақия ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      3)осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Қарақия ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы "Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 146 "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 12 қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жариялавнған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі С. Төретаев

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы " 30" қыркүйектегі
  № 180 қаулысымен бекітілген

"Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеменің мынадай ведомстволары бар:

      1) Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      3. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда ол мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, № 3 үй.

      10. Осы ереже "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс,егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Аудандық деңгейде мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      -өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз фукцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      - сотта талапкер және жауакер болу, сондай-ақ заңнамаға қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар;

      2) Міндеттері:

      - аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;

      - бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан аудандық құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      - ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту және тарату;

      - ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шаралар жүргізу;

      - жеке тұлғалардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылымды жасау бойынша шаралар қабылдау.

      15. Функциялары:

      1) аудан көлемінде мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларының дамуы үшін өңірлік бағдарламалар жасақтап жүзеге асыру;

      2) аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзу;

      3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      4) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;

      5) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;

      6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;

      7) мынадай бiлiктiлiк санаттарын беру: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi;

      8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн жасақтап, iске асыру;

      9) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну үшін аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру;

      11) аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша ауданның құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастыру және бекiту;

      12) ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастыру;

      13) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіру және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету;

      14) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      15) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің қызметін қамтамасыз ету;

      16) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргiзу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабiлеттiлiк пен белсендi ұзақ өмiр сүрудiң жоғары деңгейiне, сондай-ақ iзгiлiк мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткiзу үшiн дене шынықтыру компоненттерiн практикалық пайдалануда халықтың бiлiм деңгейiн арттыру;

      17) мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасау;

      18) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      19) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мәдени мақсаттағы обьектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      20) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

      21) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      22) мәдениет саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      23) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс шаралар өткізуді жүзеге асыру;

      24) өз құзіреті шегінде аудандық мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру, меншік нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      25) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қатыстырылған мәдени ұйымдардың қызметін үйлестіру;

      26) мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп аудан әкімдігінің мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдау;

      27) мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының жағдайына, сондай-ақ аудан мәдениеті мен өнері саласының даму жағдайына талдау жасау;

      28) бағынысты бөлімшелердің даму жоспарын жүзеге асыруын бақылау және талдау;

      29) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мүлікті пайдалану мен қорғаудың тиімділігін бақылау;

      30) ведомстволық бағынысты мекемелерге қаржы-шаруашылық тексеру және өзге де қызметтік тексеру жүргізу;

      31) бюджет қаржысының өз мақсатына жұмсалуын және бюджеттік ерекшеліктер бойынша толық игерілуін қамтамасыз ету, бағдарламалар бойынша қаралған бюджет қаражаттарының игерілуіне байланысты тиісті құжаттарды жинақтау, конкурс немесе тендерді мерзімінде өткізуді ұйымдастыру;

      32) мемлекеттік органның кадрлық іс жүргізу, оның ішінде "Е-қызмет" дербес басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;

      33) мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын, әкімшілік рәсімдерін сақтау;

      34) цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдау;

      35) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге іс-қимылдарды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басқаруды "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады;

      19. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;

      2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;

      3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;

      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;

      6) шарттар жасасады;

      7) сенімхаттар береді;

      8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;

      9) қызметкерлердің іссапарларының, тағылымдамадан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шарасын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

      13) ведомстволық бағыныстағы мекеме, кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      14) мекемеге бағынысты мәдени және спорт ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізеді;

      15) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін

      "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк сондай-ақ қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асады.

      22. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Қарақия аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады