Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 124-НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 10.06.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Су кодексі 23-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтер бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр Н. Нұржігітов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің
2025 жылғы 4 маусымдағы
№ 124-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Суармалы жерлердің мелиорациялық жай - күйіне мониторинг және бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтер

Р/с

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Бірліктің бағасы (теңге, қосылған құн салығынсыз)

1

Суармалы жерлердің топырақтық-мелиорациялық және тұздық түсірілімін жүргізу

гектар

416

2

Ыза сулардың деңгейіне гидрорежимдік бақылаулар жүргізу

өлшеу

3153

3

Топырақтағы және судағы тұздарды анықтау үшін оларға талдаулар жүргізу:




топырақтың талдауы

сынама

5553


судың талдауы

сынама

9294

4

Жерүсті және жерасты суларына ирригациялық бағалау жүргізу және оларды суару үшін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу

ұсыным

10688

5

Бақылау ұңғымаларын жабдықтау және суға ұңғымалар бұрғылау:




бақылау ұңғымаларын жабдықтау

дана

39536


суға ұңғымалар бұрғылау

сызықтық
метр

19232


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады