"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау облысының "Үздік орта білім беру ұйымы" конкурсының нәтижелері негізінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін:
1) бірінші орын алған мектеп - 3 (үш) ең төменгі жалақы (басшыдан кіші қызметкерге дейін);
2) екінші орын алған мектеп - 2 (екі) ең төменгі жалақы (басшыдан кіші қызметкерге дейін);
3) үшінші орын алған мектеп - 1 (бір) ең төменгі жалақы (басшыдан кіші қызметкерге дейін).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы | Ж. Матаев |