"Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 ақпандағы №31 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 226 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 ақпандағы №31 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      2-тараудың 15-тармағы 111, 112, 112-1, 112-2, 112-3, 112-4, 112-5, 113, 114, 114-1, 114-2, 114-3, 114-4, 114-5, 114-6, 114-7, 114-8 тармақшаларымен толықтырылсын:

      "111) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды қолдау";

      "112) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау сақтандыру сыйақыларын субсидиялау арқылы жүзеге асыру";

      "112-1) сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі – сақтандырушылар)";

      "112-2) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор бекіткен сақтандыру өнімдерінің шеңберінде";

      "112-3) сақтандырудың ақпараттық жүйесі арқылы жасасқан агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары субсидиялау";

      "112-4) сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын бюджет қаражаты бөлінеді";

      "112-5) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор көрсететін қызметтерге ақы төлеуге көзделген қаражат агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор арасында жасалатын шартқа сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына аударылуы мүмкін";

      "113) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы операторға агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мен агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор арасында жасалатын шарт негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ағымдағы шот ашу";

      "114) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту";

      "114-1) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамытуды мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады";

      "114-2) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту осы Заңның 9-бабының 3-тармағында көзделген ережелер ескеріле отырып";

      "114-3) ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң инфрақұрылымын құру және дамыту";

      "114-4) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарының, балық шаруашылығы мен аквашаруашылыққа арналған жабдықтардың және аулау құралдарының лизингi";

      "114-5) сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу";

      "114-6) ауылдық жерлердегi кәсiпкерлiк қызметтiң ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерiне кредит беру";

      "114-7) aуыл шаруашылығы өнiмін сатып aлу, өндiру, қайта өңдеу және өткiзу";

      "114-8) ауыл халқына микрокредит берудi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға субсидиялар төлеуді ұйымдастыру жасалған шарт негізінде Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері арқылы жүргiзу".

      5-тараудың 2-абзацы және 1), 2), 3), 4), 5) 6,) 7) тармақшалары алынып тасталсын.

      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістердің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Облыс әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады