Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивиденттерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4201 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Облыстық коммуналдық меншіктегі акцияларының 100 (жүз) пайыз мемлекеттік пакетімен (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) мөлшері шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте, ал еншілес ұйымы (еншілес ұйымдар) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кіріс сомасының кемінде 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде белгіленсін, "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен басқалары үшін".
2. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
