Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Маңғыстау облысының әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4597-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы "05" тамыздағы | |
| № 165 қаулысына қосымша | |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
| 2023 жылғы 24 тамыздағы | |
| № 130 қаулысына 1-қосымша |
Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Су объектісінің атауы | Орналасқан жері |
Су қорғау |
Су қорғау |
Су қорғау |
Су қорғау |
1 | Каспий теңізі | Қарақия ауданы | 9 245,8170 | 722,4936 | 500 | 35-100 |
2 | Каспий теңізі | Мұнайлы ауданы | 1 044,9783 | 80,6834 | 500 | 35-50 |
3 | Каспий теңізі | Ақтау қаласы | 1 871,5906 | 183,8842 | 500 | 35 |
4 | Каспий теңізі | Түпқараған ауданы | 35 556,2746 | 884,1745 | 500-2000 | 35-100 |
5 | Каспий теңізі | Форт-Шевченко қаласы | 2 953,9113 | 184,3865 | 500 | 35 |
6 | Каспий теңізі | Маңғыстау ауданы | 89 141,8919 | 3 805,6937 | 2000 | 35-75 |
7 | Каспий теңізі | Бейнеу ауданы | 38 317,3820 | 1 180,4800 | 2000 | 35-100 |
Ескерту:
су қорғау аймақтары және су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.
