"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы №2 қорытындысына сәйкес Жуантөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылының келесі көшелеріне:
- №4-7 орамдардағы атауы жоқ көшеге "Тұрмантай Досманов" есімі;
- №3-8 орамдардағы атауы жоқ көшеге "Өтеу Нұғманов" есімі;
- № 5 орамдағы атауы жоқ көшеге "Абдулхамид Әшіров" есімі;
- № 12 орамдағы атауы жоқ көшеге "Сығанақ" атауы;
- №16 орамдағы атаусыз көшеге "Жерұйық" атауы;
- №17 орамдағы атаусыз көшеге "Қызылшоқы" атауы;
- №20 орамдағы атаусыз көшеге "Қарашоқы" атауы;
- №21 орамдағы атаусыз көшеге "Қышқұдық" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өтекен соң қолданысқа енгізілсін.
| Жуантөбе ауылдық округі әкімі | А.Есимов |
