"Шалқия кенті және Құттықожа ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия кенті әкімінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 37 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Шалқия кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы қорытыңдысы негізінде Шалқия кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқия кенті және Құттықожа ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      атауы жоқ көшесіне "Қаратау" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне "Талсуат" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне "Шымқорған" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне "Бекжігіт Жапеков" көшесі;

      Құттықожа ауылының атауы жоқ көшесіне "Едіге Телхожаев" көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқия кентінің әкімі Ғ. Ерахынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады