"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына және "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы Заңының 8-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 28 қаулысына төмендегіше өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ережесінің 15-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады".
2. "Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жаңақорған ауданының әкімі | М. Самитов |
