Темірбек Жүргенов ауылындағы көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 13 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы №2 қорытындысы негізінде Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылдық округінің Темірбек Жүргенов ауылындағы келесі көшелерге:

      1) елді мекеннің солтүстік батысындағы атауы жоқ көшеге "Шәкен Күнтуаровтың" есімі;

      2) елді мекеннің солтүстік шығысындағы атауы жоқ көшеге "Кеңшілік Жылқыбаевтың" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі Б. Тунгышбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады