Қазақстан Республикасының жер кодексінің 2, 109-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жанқожа баба" орманшылығы, "Қарақұм" орманшылығы № 60,61 орамы, "Сарыбұлақ" орманшылығы аумақтарында орналасқан, жалпы ауданы 413,0 гектар орман қоры жерлері санатынан, орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін Қазалы қаласын, Ажар, Сарыбұлақ, Тасарық, Тасөткел елді мекендерін кеңейту мақсатында елді мекен жеріне ауыстырылсын.
2. Жоғарыда көрсетілген жер учаскескелерін пайдалану мақсаты – тұрғын үй салу және елді мекен инфрақұрылымын дамыту.
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына және Қазалы аудандық мәслихатының тиісті тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы және шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазалы ауданының әкімі | А. Есмаханов |
| Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы | Ғ.Әліш |
