Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округіндегі бірқатар көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Талсуат ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі N 18 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талсуат ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысы негізінде Талсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округіндегі келесі көшелерге:

      1) атауы жоқ көшеге Пірімжан Дүйсенбаевтың есімі;

      2) атауы жоқ көшеге Сәду Нұрпейісовтің есімі;

      3) атауы жоқ көшеге Құдайберген Ахметовтің есімі;

      4) атауы жоқ көшеге Әділбек Дөненбаевтың есімі берілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е. Бейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады